(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУАРМАЛЫ ЕГІСТІКТІ АЛҚАПТАРДЫҢ СУАРЫЛМАЙТЫН ТҮРІНЕ ...

Осы редакция 2019 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы 4 наурыздағы

№ 79 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі: суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.

Порталда мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі электронды құжат нысанында, көрсетілген қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы қойылып көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.